Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай аумақты абаттандыру және тазалау

Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай аумақты абаттандыру және тазалау

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай-тазалық пен тәртіп!

30 тамызда елімізде Қазақстан Республикасының Конституция күні – басты мемлекеттік мереке, азаматтардың Тәуелсіздігінің, құқықтары мен бостандықтарының нышаны, сондай-ақ демократиялық қоғам дамуының негізі атап өтіледі.

Конституция әділдік, теңдік және жауапкершілік құндылықтарын айқындай отырып, Қазақстан халқын біріктіреді. Осы айтулы мерекенің құрметіне Департамент қызметкерлері аумақты абаттандыру және тазалау бойынша іс-шара өткізді. Акцияға қатысушылар іргелес аумақты қоқыстардан тазартты, гүлзарларды жаңартты және жасыл желектерді ретке келтірді. Мұндай іс-шаралар біздің аулаларымызды безендіріп, көркейтіп қана қоймай, жалпы кеңістік үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелейді, экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастырады.

Акцияға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз! Айналамыздағы тазалық пен тәртіп Отанымызға және оның негізгі заңы – Республика Конституциясына құрмет көрсетсін.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 31-бабы «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды».


Қазақстан Республикасының Конституциясы 38-бабы «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті».