2025 жылғы 7 тамызда Алматы қаласы №4 МӘС бөлімінде Алматы қаласы бойынша МӘС-ке жауапты тұлғалармен «ЗПО қамтудың тиімділігін арттыру мәселелері» тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңес барысында ауытқулардың себептеріне талдау жүргізілді, азаматтарды МӘС-ке жолдаудың бірыңғай алгоритмін келісу, сондай-ақ ЗПО үшін нозологиялар тізбесін талқылау мәселелері қаралды.
2021 жылғы 12 қазанда қабылданған ҚР Заңының 7 жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеу бөлігін іске асыру мәселесі талқыланды.
Медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша талдамалық есеп дайындау үшін емханалардан медициналық ұйымның паспорты, қызмет көрсетілетін халық саны және басқа да деректер сұратылды.