Департамент қызметкерлерімен техникалық оқыту жүргізілді

Департамент қызметкерлерімен техникалық оқыту жүргізілді

2025 жылғы 31 шілдеде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің қызметкерлерімен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер туралы» тақырыбында техникалық оқыту жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (әрі қарай - Кодекс) сәйкес, әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін төлемдердің мынадай түрлері көзделген: жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер, күтім бойынша әлеуметтік төлемдер, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер, еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер.

Кодекстің 244 бабына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және (немесе) өз пайдасына мемлекттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеуге тиісті әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленді (өткен жылдары 3,5 пайызды құрады).