2025 жылғы 10 шілдеде сағат 10.00-де Алматы қаласы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі "ZOOM" желісі арқылы "Үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы" тақырыбында онлайн жиналыс өткізді.
Аталған онлайн жиналысқа Алматы қаласы аудан әкімдері аппараттарының жанындағы үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкерлер, бөлім меңгерушілері, сондай-ақ бөлім консультанттары қатысты.
Үйде АӘҚ сапалы көрсету мақсатында НҚА-ның қолданыстағы нормалары бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ қатысушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.