Заочно-проактивті куәландыру және медициналық құжаттарды сапалы ресімдеу мәселелері бойынша кеңес

Заочно-проактивті куәландыру және медициналық құжаттарды сапалы ресімдеу мәселелері бойынша кеңес

№1 МӘС бөлімімен, №24 қалалық емханасында 02.07.2025ж күні, сырттай-проактивті куәландыру тақырыбында жиналыс өтізілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына, сырттай-проактивті куәландыру жүргізілуіне 1-қосымша күшіне енгізілді. Мединалық әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сай, сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесіне жаңа нозологиялық форма енгізілді: Бір немесе бірнеше аяқ-қолдың тұрақты айқын білінетін сал болуы немесе терең парездері, айқын білінетін гипотония және бұлшықет әлсіздігі, тұрақты жайылған гиперкинездер (қос атетоз, хореоатетоз секілді), координацияның айқын білінетін бұзылулары.

Бөлім басшысы №24 қалалық емханадан, сырттай-проактивті куәландыруға уақытылы келмеген науқастарға: Кононова Н. В., Коробцов В.А Плесовских А.Ю., байланысты, назар аударды. Емхана дәрігерлері әр жағдай бойынша түсініктеме берді.

Сондай-ақ МӘС бөліміне ақаулы рәсімделген жолдамаларға мысал келтірілді, 031/е нысанын толтыру барысындағы негізгі қателіктер, атап айтқанда негізгі диагноздың және функционалды ауытқулардың дәрежесінің көрсетілмеуі.