Уақытша болу орталығының жұмысымен танысу мақсатында Департамент басшысы М. Т. Мұратбеков "Жан-Сая "дағдарыс орталығы" КММ басшылығымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында олардың жұмыс барысы және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Аталған орталық ағымдағы жылы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алды.
"Жан-Сая" дағдарыс орталығы жобалық қуаты 52 төсек-орынға есептелген тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының уақытша тәулік бойы немесе күндізгі (6 айға дейінгі мерзімге) болуына арналған.
Дағдарыс орталығы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 наурыздағы қаулысымен құрылды және барлық 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда орталықта 15 әйел мен 26 бала тұрады. Орталыққа өтініш білдіргендер психологиялық көмек, заңгерлік көмек, жұмыс, баспана іздеуде көмек алады.
Жалпы, орталықтың жұмысы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен олардың балаларына көмек көрсетуде оң нәтижелерге ие.