Балаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында №4 МӘС бөлімінің №12 қалалық емханамен өткізген кеңесі

Балаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында №4 МӘС бөлімінің №12 қалалық емханамен өткізген кеңесі

2025 жылғы 30 маусымда Алматы қаласы бойынша №4 МӘС бөлімі 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында №12 қалалық емхананың дәрігерлерімен кеңес өткізді.

Кеңесте 2025 жылдың 1 жартыжылдығындағы №4 МӘС бөлімінің қызметіне талдау жасалып, ол 2024 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырылды. Балаларды МӘС-ке негізсіз және сапасыз жолдаудың жиілеп кетуіне байланысты құжаттарды рәсімдеу сапасына бақылауды күшейту тапсырылды.

Заочно-проактивті куәландыру шеңберінде жүргізілетін нозологиялық формалардың тізімі талқыланды. Биылғы жылы өзгерістерге ми сал ауруына шалдыққан, айқын және өте айқын қозғалыс бұзылыстары бар балалар, бас сүйек көлемінің ұлғаюы және гипертензиялық синдромы бар нағыз гидроцефалиясы бар балалар, сондай-ақ гидроцефалия бойынша операция жасалған балалар кіреді.

Қауіпті ас үй: дәрігерлерге ас үйдегі жарақаттар статистикасы жеткізілді:

  • Өңеш пен асқазанның күйігі — 2024 жылы 4 бала, 2023 жылы 10 бала;

  • Дене аймақтарының әртүрлі бөліктерінің термиялық күйігі — 2024 жылы 1 бала, 2023 жылы 2 бала;

  • Электр еттартқышта қол саусақтарының ампутациясы — 2024 және 2023 жылдары әрқайсысында 1 баладан.