Әлеуметтік төлемдерді тағайындау сапасын арттыру және қызмет алушылардың құқықтарын сақтауын бақылау

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау сапасын арттыру және қызмет алушылардың құқықтарын сақтауын бақылау

2025 жылдың 27 маусымда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.М. Нұрғалиева, «Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның өкілімен бірлесіп, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түрксіб ауданындық бөлімшесінің мамандарына техникалық оқыту жүргізді.

     Техникалық оқытуда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нормаларына сәйкес түсірдірме жүргізіліп, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау барысында қайта өңдеуге кері қайтарылған электрондық іс-макеттер бойынша талдау жүргізілді.  

     Сонымен қатар, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын қамтамасыз етуін ескере отырып, бақылауға арналған есептерді күнделікті қадағалау бойынша оқыту жүргізді. Қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

     Бұл ретте, бақылауға арналған есептермен жұмыс жасау, заң аясында қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуін қадағалау болып табылатыны ескертілді.