Қызметтік этика аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу: төзімділік пен конфессияаралық келісімді нығайту

Қызметтік этика аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу: төзімділік пен конфессияаралық келісімді нығайту

26.06.2025 жылы Әдеп жөніндегі уәкілдің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Департаментте Алматы қаласы бойынша Дін Істері Басқармасының, «Жаухар» ұлттық дәстүрді қолдау қорының өкілдерін тарта отырып, семинар өткізілді. Дәріс Департамент қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша өткізілді. Кездесуде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы, Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама Ұлттық орталығының сарапшысы, «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» НУ сарапшысы Өтебаева Динара Сахибқызы сөз сөйледі. Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеяларды тарату әдістері, ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы айтып берді. Сарапшы конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін құқықтық сананы, отбасы мен қоғамдағы толерантты дәстүрлерді бекітуді қоса алғанда, халықтың жалпы мәдениеті мен білімін көтерудің маңыздылығын атап өтті.