Мүгедектiктi белгілеу және сырттай-проактивті куәландыру форматын дамыту арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру

Мүгедектiктi белгілеу және сырттай-проактивті куәландыру форматын дамыту арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру

Мүгедектік топ тағайындау және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын іске асыру сынды мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында Департаменттің №5 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімі МӘС-ке құжаттарды дайындауға және қызмет алушыларды жолдауға жауапты Құлагер БМСК дәрігерлерінің қатысуымен қеңес өткізді. Кеңес барысында 2025 жылдың 5 ай ішіндегі жұмыс көрсеткіштері, №260, №131, №230 және №283 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтары бойынша түсіндірмелер берілді, мүгедектік топты тағайындау сұрақтары талқыланды. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және сырттай проактивті куәландырудың көлемін арттыру бойынша шаралар әзірленді.