2025 жылдың 5 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

2025 жылдың 5 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер  бойынша ақпарат

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу жәнеи бақылау Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен (бұдан әрі- Департамент) 16 мемлекеттік қызметтері көрсетіледі, оның ішінде 15 мемлекеттік қызметтері Республикалық бюджеттен – жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау, және 1 мемлекеттік қызметі мүгедектікті белгілеу болып табылады.

   2025 жылдың 5 айында Департаментпен 51520 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 3160, олардың  ішінде мемлекеттік кепілдіктер төлемі – 2874, мемлекеттік кепілдіктердің есептелінуі әр бір алушы үшін жеке. Бас тартудың негізгі себептері: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы нақты міндетті зейнетақы жарналары зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып, есептелінген сомасынан артық немесе тең болған соң, бас тарту шешімдері қабылданған.

   Барлық мемлекеттік қызметтер заң талаптарына сәйкес уақытылы көрсетілді.