Медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды және 18 жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру: №4 МСЭ бөлімінің №16 қалалық емхана дәрігерлерімен өткізген кеңесінің қорытындысы

2025 жылғы 30 мамырда Алматы қаласы бойынша №4 МСЭ бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында №16 қалалық емхананың дәрігерлерімен кеңес өткізді.

Кеңес барысында 2024 жылдың 12 айындағы №4 МСЭ бөлімінің қызметі 2023 жылмен салыстырмалы түрде талданды. Балаларды МСЭ-ге сапасыз және негізсіз жолдаудың жиілеп кетуіне байланысты, ондай бағыттамалар жан-жақты қаралды, құжаттарды рәсімдеуге бақылауды күшейту тапсырылды.

Сондай-ақ, заочно-проактивті куәландыру шеңберінде, қандай жағдайларда осы рәсім жүргізілетіні туралы нозологиялық формалар тізімі талқыланды. Атап айтқанда, биыл бұл өзгерістер айқын және айтарлықтай айқын қозғалыс бұзылыстары бар ДЦП диагнозы қойылған балаларға, бассүйек көлемінің ұлғаюымен және гипертензиялық синдроммен жүретін шынайы гидроцефалиясы бар балаларға, сондай-ақ гидроцефалия бойынша ота жасалған балаларға қатысты болады.