Әлеуметтік төлемдердің тиімділігін арттыру: 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтағы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

Әлеуметтік төлемдердің тиімділігін арттыру: 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтағы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

2025 жылдың 30 мамырда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің қызметшілері арасында Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің 2025 жылдың 1 жартыжылдығына бекітілген тізімге сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының аудан бөлімшелеріне және АҚ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Алматы қаласы бойынша филиалына жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижесі бойынша талдау және техникалық оқыту жүргізілді.

     Профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына, Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасына және 258-бабы 3-тармағына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Кодексі 91-бабының 4-тармағына және 92-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізілген.

     Бұл туралы, Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 20 тамыздағы № 322 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 68 бірлескен бұйрығымен белгіленген.

     Берілген құзырет шеңберінде, Департамент қызметшілері республикалық қаражатынан төленетін зейнетақы,  жәрдемақы төлемдерінің және әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерінің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударылуын қадағалайтын бақылауға арналған есептер бойынша тексеріс жүргізді.

     Жүргізілген тексеріс нәтижесінде анықталған төлем алушыларға талдау жасалынды. Бақылауға арналған барлық есептері бойынша оқыту жүргізілді, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

     Бұл ретте, бақылауға арналған есептермен жұмыс жасау, қолданыстағы заң аясында қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуін қадағалау болып табылады.