
Халықты әлеуметтік қорғау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің негізгі бағыттарының бірі, ол медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидасына сәйкес мүгедектік белгілеу.
Сондай-ақ, Әлеуметтік кодекс аясында 2022 жылдың қаңтарынан бастап енгізілген және медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізуді қамтитын нозологияның 22 түрінен сырттай мүгедектікті анықтаудың проактивті форматы заңнамалық түрде бекітілген.
Мүгедектіктерді анықтау бойынша «медициналық-әлеуметтік сараптаманың» сырттай-проактивті форматы ең алдымен сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігін жоюға және азаматтардың тікелей байланысын болдырмауға бағытталған. Яғни, Қазақстанның әр өңірінен келген тәуелсіз сарапшылардың мүгедектігін анықтаудың бүкіл процесі тексерілетін адамның медициналық мекемелерінің электронды құжаттары негізінде жүзеге асырылады. МӘС тәуелсіз сарапшылары азаматтар туралы деректерді көре алмайды.
Қазіргі таңда сырттай-проактивті форматта 40,1% сараптама жүргізілді.
Сараптаманың бұл форматында медициналық мекемелердің дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жұмыс сапасын ұйымдастыру маңызды рөл атқарады.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 26-мамырында Департаменттің әдіснама және бақылау бөлімінің отырысында МӘС мамандарымен сараптаманың өзекті мәселелері, сонымен қатар құқықтық-нормативтік актілерге енгізілген қосымшалар талқыланды.