«Арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу» тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу» тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік әхуалын арттыру бойынша енгізілген заңнамалық өзгерістерге қатысты Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдауында зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізу бойынша тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен тиісті заңнамалық өзгерістер әзірленді. Бұл өзгерістер арқылы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізу, еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру және өтпелі кезеңдегі регресшілерге сақтандыру төлемдерін алуға құқық беру көзделеді.

Біріншіден, арнаулы әлеуметтік төлемді енгізу туралы. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау екі түрлі шартта жүргізіледі: біріншісі - азаматтар 55 жасқа толғанда зейнетақы жасына, яғни 63 жасқа жеткенге дейін төлемді алуға; екіншісі - зиянды еңбек жағдайындағы өтілі 7 жылдан кем болмауы тиіс, яғни жұмыс берушінің 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 84 айдан кем аударылмауы. Бұл жерде жұмысшының қалауы бойынша жеңіл жұмысқа ауыстырылуы немесе жұмыс берушімен еңбек шартын бұзу арқылы 4 төлем көзінен төлемді тағайындауға болады, олар республикалық бюджеттен 86814 теңге=2 күн көріс деңгейінің мөлшері (ККД=43407 теңге), сақтандыру компанияларынан 1ККД=43407 теңге, жұмыс берушінің есебінен 1 ККД=43407 теңге, БЖЗҚ-ндағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік жарналары есебінен.

Ал, 55 жасқа толған, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жеткілікті 84 айдан кем емес жұмыс істемейтін азаматтар тек республикалық бюджетпен БЖЗҚ-ндағы жарналары есебінен алуға құқылы.

Бұл ретте, қабылданған шаралар жиынтығы жұмыскерлердің зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен шығуды ынталандыруға және де еңбек ресурстарын жинақтауға бағытталған.

         ЕжХӘҚ Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті зейнетақымен әлеуметтік қамсыздандыру №2 бөлімінің басшысы  Ж.Аймухамбетовамен облыстың зиянды өндірістің  ірі кәсіпорындары мен мекемелерінің басшылары, заңгер, кәсіподақ ұйымының жетекшісі, кадрлар бөлімінің қызметкерлері және еңбек ұжымдарының мүдделі жұмыскерлері арасында еліміздің нормативті құқықтық актілеріне енген өзгерістер туралы ақпараттық-түсінік жұмыстары өткізілді. Кездесуге БЖЗҚ Ақтөбе облыстық филиалының қызметкерлері М. Токпанова, А. Телеуова  қатысып, барлық сауалдарына толыққанды жауаптары берілді.