"Ақтөбе облысы бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті" РММ басшысы А.Әлімбаев Әдеп жөніндегі кеңес отырысының нәтижелері бойынша Департамент қызметкерлері арасында, ағымдағы жылдың 6 ақпанында жиналыс өткізді. А.А.Әлімбаев қызметкерлердің жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, лауазымдық міндеттерін атқару кезіндегі адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде атқаруын талап етті.
Жиналыс кезінде әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Ульмесеков әдеп нормаларын сақтау мен мемлекет, азаматтардың мүдделеріне, құқытарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеу міндеттілігін ескертті.