"Бестау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ және «Терісаққан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің басшыларының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

"Бестау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ және «Терісаққан  ауылдық  округі әкімінің аппараты» ММ-нің басшыларының  қатысуымен  ақпараттық-түсіндіру  жұмысын  жүргізді.

Ағымдағы  жылдың  26-27 шілдеде  Қобда  ауданында профилактикалық бақылау  жүргізу  барысында  халықты әлеуметтік қорғау саласындағы  бақылау  бөлімінің  бас маманы  А. Мұхитов   "Бестау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ және «Терісаққан  ауылдық  округі әкімінің аппараты» ММ-нің басшыларының  қатысуымен  ақпараттық-түсіндіру  жұмысын  жүргізді.

     Кездесу барысында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде  мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғауға  бағытталған заңдардың  негізгі  нормалары  баяндалды.

      Кездесу  қорытындысында  анықталған бұзушылықтарды жою туралы  берілген  нұсқамаларды  уақтылы орындау, сондай-ақ нұсқамада көрсетілген  мерзімінен кешіктірмей  бақылау органына бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты  беру  бөлігінде   ұсынымдар  берілді .