Техникалық оқыту

Техникалық оқыту

2022 жылғы шілде айының 15-ші жұлдызында Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі- Департамент) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының (бұдан әрі- Мемлекеттік корпорация) және Ақтөбе қалалық бөлімшесінің басшылары және мамандарының қатысуымен техникалық оқыту өткізілді.

Техникалық оқу барысында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету туралы талқыланды.

Еңбек әлеуметтік қорғау комитет Департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы  Тельжанова Гаухар Мейрамовнамен зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді, жете рәсімдеуді ерекше бақылауда ұстау, электрондық шешім жобасын уақытылы қалыптастыру және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалыптастырылған  ЭІМ-ді Департаментке жіберу ұсынылды.