Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы және Әдеп жөніндегі уәкіл З.Абдиева Хромтау ауданында профилактикалық бақылау жүргізу барысында "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында Абдиева З. мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғауға бағытталған негізгі заңнамалық нормалар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық нормалар және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі туралы айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Әдеп кодексін тек жұмыс уақытында ғана емес, жұмыс уақытынан тыс уақытта да сақтау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқамаларды уақтылы орындау және нұсқамада белгіленген мерзім ішінде бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бақылау органына ұсыну бөлігінде ұсынымдар берілді.