Байғанин ауданында көрсетілетін мемлекеттік қызмет

Байғанин ауданында көрсетілетін мемлекеттік қызмет

2021 жылы мамыр айының 26 мен 28 аралығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Байғанин ауданында жоспарлы көшпелі отырыс өткізді. Отырыс кезінде Байғанин аурухананың базасында 36 тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

        27.05.2021ж. күні №3 МӘС бөлімі мамандары Байғанин ауданының орталық ауруханасында дәрігерлердің қатысуымен семинар өткізді.

         Байғанин ауданы бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша алғашқы рет мүгедек деп  21 адам   танылды  (2019ж. – 35 адам), бұл   өткен  жылдың   ұқсас  кезеңімен салыстырғанда  40%-ға төмен. Барлығы халық арасында толық  оңалтудың көрсеткіштері 0,2%-ға өскен, және 4,0% яғни 2020ж – 5 (4,0%), 2019ж - 4 (3,8%). Ішінара оңалтудың  көрсеткіштері 0,4%-ға жақсарланған, яғни 2020ж –(9,5%), в 2019ж. - (9,1%). Барлығы халық арасында мүгедектік топты  ауырлату 2,0%-ға жақсарланған 2020ж.- (4,5%), в 2019ж. - (6,5%).

         Алдағы уақытта мемлекеттік қызметі электрондық форматта көрсетуге жоспарланған, соған сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау қорытындысы сапалы толтыруға тиіс, яғни бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды науқастың нақты объективтік қараудың деректері, зерртеудің қорытындылары және қажетті дәрігерлердің қараудың қорытындылары көрсетуге қажет. Сонымен қатар қажетті түрде оңалту іс-шаралары өткізу жоспары да айтарлықтай толтырылады, клиникалық диагнозде негізгі және ілеспелі ауруның барлық асқынулары көрсетіледі.

         Алғашқы мүгедектікті алдын алу өзекті мәселе болып есептеледі – бұл, жалпы диспансерлік қараудың кеңейту, ұзақ және жиі ауыратын науқастардың диспансерлік қарау, науқастардың оңалту іс-шараларын уақытылы өткізу.