Ағымдағы жылдың 8 маусымында "Nur Otan" партиясының Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 8 маусымында "Nur Otan" партиясының Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 8 маусымында "Nur Otan" партиясының Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыста медициналық-әлеуметтік мекемелердің жай-күйі және "Nur Otan" сайлауалды тұғырнамасының 84,85-тармақтарын орындау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмыс нәтижелері туралы мәселелер қаралды.

Отырыс Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы З.Абдиева мен бас маман А. Мұхитовтың қатысуымен өтті, онда З. Абдиева мониторингтік топтар жұмысының нәтижелерін және мониторингтік топтар анықтаған бұзушылықтарды жоюға бағытталған одан арғы іс-шаралар туралы айтты.