Ақтөбе қаласының әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 5 нысаны бойынша рейд жүргізді.    

Ақтөбе қаласының әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 5 нысаны бойынша рейд жүргізді.    

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында мониторингтік топтар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтер жүргізуде. Мониторингтік тексерулер "NurOtan" партиясы мүшелерінің, қалалық мәслихат депутаттарының, ҮЕҰ өкілдерінің, сондай-ақ түрлі мемлекеттік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

                Осылайша, ағымдағы жылдың 25 мамырында осы мониторинг тобы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Мұхитовтың қатысуымен Ақтөбе қаласының әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 5 нысаны бойынша рейд жүргізді.