Негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын алдын алу

Негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын алдын алу

Ағымдағы жылдың 26 наурызда «ANTIKOR ORTALYGY» алаңда  «Медициналық-әлеуметтік сараптама сапасын бақылау саласында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын алдын алу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысқандар:

  1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары - Досанов Ғалымбек Нұрмыханұлы, «Адалдық аланы» жобалық кеңсесінің өкілі, Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық «Anticor Ortalygy», Ақтөбе облыстық «Nur Otan» Партиясының өкілдері, ҮЕҰ, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлістіктері, Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері.

ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу бойынша келесідей бағыттар бойынша іс-шаралар әзірледі.

  1. Кадрлық мәселелерді шешу;
  2. Қызмет алушылармен жұмыс істеу;
  3. Бақылау-ұйымдастыру іс-шаралары;
  4. Мотивациялық іс-шаралар;
  5. Қызметті автоматтандыру және цифрландыру;
  6. Қызметі автоматизациялау және цифровизациялау;
  7. Заңнамалық іс-шаралар.

 

Осы іс-шараларды іске асыру тұтастай алғанда, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, сапасын, ашықтығын және "мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" бойынша мемлекеттік қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын жақсартуға және МӘС жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.