Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Қобда ауданында

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Қобда ауданында

2021 жылы наурыз айының 14 мен 15 аралығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті №1 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімі Қобда ауданында жоспарлы көшпелі отырысы өткізілді, аудандық емхана базасында ауруларға мүгедектік тағайындау және еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін анықтау мемлекеттік қызметі көрсетілді.

            15.03.2021 жылы дәрігерлердің қатысуымен бірлескен семинар өткізілді. Семинар барысында 2020 жылдың қорытындысы бойынша аудандағы алғашқы мүгедектікке шығу және оңалту көрсеткіштері талқыланды. Аудан бойынша алғашқы мүгедектік  қатерлі ісіктер аурулары  бойынша 13 пайызға  өскен.

Сонымен қатар МӘС мамандары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде болып, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігінің орындалуы туралы талқыланды. Цифрландыру бағдарламасы шеңберінде оңалтудың техникалық құралдары «Әлеуметтік қызмет порталы»  арқылы мүгедектің ЭЦҚ болған жағдайда камтамасыз етіледі.