Мәртөк ауданында көрсетілетін мемлекеттік қызмет

Мәртөк ауданында көрсетілетін мемлекеттік қызмет

Облыста карантиндік режимі әлсірелгеніне байланысты аудандарда көшпелі отырыстары қайта жалғастырылды.

2021 жылы ақпанның айының 03 мен 04 аралығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Мәртөк ауданында жоспарлы көшпелі отырыс өткізді. Отырыс кезінде Мәртөк орталық аурухананың базасында 34 тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

        №5 МӘС бөлімі мамандары Мартөк ауданының орталық ауруханасында дәрігерлердің қатысуымен семинар өткізді.

         2020 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша аудандағы алғашқы мүгедектікке шығу және мүгедектерді оңалту көрсеткіштері талқыланды.

         Мәртөк ауданы бойынша 2020 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша алғашқы рет мүгедек деп  44  адам   танылды  (2019ж. – 52 адам), бұл   өткен  жылдың   ұқсас  кезеңімен салыстырғанда  15,3%-ға төмен. Барлығы халық арасында толық  оңалтудың көрсеткіштері 3,6%-ға өскен, яғни 2020ж – 4 (2,9%), 2019ж - 10 (6,5%). Ішінара оңалтудың  көрсеткіштері 4,5%-ға өскен, яғни 2020ж – 5 (8,8%), в 2019ж. -2 (4,3%). Барлығы халық арасында мүгедектік топты  ауырлату 3,6%-ға төмендеген 2020ж.-5(4,3%), в 2019ж. -10 (7,9%).

         Алдағы уақытта мемлекеттік қызметі электрондық форматта көрсетуге жоспарланған, соған сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау қорытындысы сапалы толтыруға тиіс, яғни бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды науқастың нақты объективтік қараудың деректері, зерртеудің қорытындылары және қажетті дәрігерлердің қараудың қорытындылары көрсетуге қажет. Сонымен қатар қажетті түрде оңалту іс-шаралары өткізу жоспары да айтарлықтай толтырылады, клиникалық диагнозде негізгі және ілеспелі ауруның барлық асқынулары көрсетіледі.

         Алғашқы мүгедектікті алдын алу өзекті мәселе болып есептеледі – бұл, жалпы диспансерлік қараудың кеңейту, ұзақ және жиі ауыратын науқастардың диспансерлік қарау, науқастардың оңалту іс-шараларын уақытылы өткізу.