Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі Ақтөбе қаласындағы субъектілерге профилактикалық бақылау жүргізді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі Ақтөбе қаласындағы субъектілерге профилактикалық бақылау жүргізді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығына бекітілген кесте аясында Ақтөбе қаласындағы Мемлекеттік мекемелердің субъектілеріне профилактикалық бақылау жүргізді.

         Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша "Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Хромтау №7 мектеп-гимназиясы" КММ анықталған бұзушылықтар бойынша ұйғарымдар берілді, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қорғауға бағытталған заңнамалық құқықтық нормативтер түсіндірілді.

            "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 83-бабына сәйкес "мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" ҚР заңнамасының талаптарын орындамауы айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады " деп атап өтілді.