Мүгедектігі бар адамдарды жеке абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге медициналық көрсетілімдер

Мүгедектігі бар адамдарды жеке абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге медициналық көрсетілімдер

Сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзетуге және орнын толтыруға, сондай-ақ дыбысты күшейтуге, байланыс пен ақпаратты қабылдау және беруге арналған техникалық құралдар.

Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету қағидалары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен бекітілген. Аталған бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Мүгедектігі бар адамдарды сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге медициналық көрсетілімдер

1. Есту аппараты

Есту қабілетінің төмендеу дәрежесіне қарай:

* орташа қуатты;
* қуатты;
* аса қуатты есту аппараттары ұсынылады.

Медициналық көрсетілім:
екі жақты III, IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуі.

2. Сүйек арқылы дыбыс өткізетін есту аппараты

Медициналық көрсетілім:
III, IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуі және ауа арқылы дыбыс өткізетін есту аппаратын қолдану мүмкін болмаған жағдайда саңыраулық.

Атап айтқанда, сыртқы және ортаңғы құлақтың даму ақаулары, созылмалы ортаңғы отит және басқа да аурулар кезінде.

3. Веб-камерасы бар ноутбук

Медициналық көрсетілім:
еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға:

* екі жақты IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуі (есту аппаратымен қамтамасыз етуге келмейтін немесе есту аппаратын қолдану тиімсіз болған жағдайда);
* екі жақты саңыраулық (естудің орташа жоғалуы 90 дБ-ден жоғары);
* саңырау-мылқаулық;
* саңыраулықтың IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуімен қатар жүруі.

4. Көпфункционалды сигналдық жүйе

Медициналық көрсетілім:

* екі жақты III, IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуі;
* екі жақты саңыраулық (естудің орташа жоғалуы 90 дБ-ден жоғары);
* саңырау-мылқаулық;
* саңыраулықтың III, IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуімен қатар жүруі.

5. Мәтіндік хабарламаларды қабылдау және жіберу, бейнебайланыс функциясы бар ұялы телефон

Медициналық көрсетілім:

* екі жақты III, IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуі (есту аппаратын қолдану тиімсіз болған жағдайда);
* екі жақты саңыраулық (естудің орташа жоғалуы 90 дБ-ден жоғары);
* саңырау-мылқаулық;
* саңыраулықтың III, IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуімен қатар жүруі.

6. Саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағат

Медициналық көрсетілім:

* екі жақты III, IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуі (есту аппаратын қолдану тиімсіз болған жағдайда);
* екі жақты саңыраулық (естудің орташа жоғалуы 90 дБ-ден жоғары);
* саңырау-мылқаулық;
* саңыраулықтың III, IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуімен қатар жүруі.

7. Кохлеарлық импланттарға арналған сөйлеу процессоры

Медициналық көрсетілім:
кохлеарлық имплантациядан кейінгі жағдай.

8. Дауыс түзуші аппарат

Медициналық көрсетілім:
аурулар, жарақаттар, сөйлеу мүшелерінің даму аномалиялары салдарынан дауыс түзілу функциясының айқын бұзылуы, оның ішінде көмей алынып тасталған жағдайда.