Мәртөк ауданындағы МӘС-тің көшпелі отырысы: сараптаманың қолжетімділігі мен сапасы

Мәртөк ауданындағы МӘС-тің көшпелі отырысы: сараптаманың қолжетімділігі мен сапасы

Ағымдағы жылдың 8-9 кыркуйек күндері аралығында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті №2 Медико-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімінің мамандары Марток аудандық ауруханасы базасында мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыру бойынша көшпелі отырыс өткізді.

Сонымен қатар, Марток аудандық ауруханасының дәрігерлерімен медико-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары, техникалық оңалту құралдарын (ТОҚ) ұсыну тәртібі тақырыптарында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалып, жаңа Конституция жобасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы да ақпарат берілді.