
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы.
Тифлотехникалық құралдар көру қабілеті бұзылған I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға медициналық көрсетілімдерге сәйкес беріледі.
Тифлотрость (тифлотаяқ)
Оқу машинасы
I топтағы еңбекке қабілетті жастағы адамдарға және мектеп жасындағы балаларға.
Экранға қолжетімділік бағдарламасы және сөйлеу синтезі бар ноутбук
I және II топтағы еңбекке қабілетті жастағы адамдарға, сондай-ақ балаларға.
Брайль жүйесі бойынша жазу құралы және грифель
I топтағы, Брайль қарпін меңгерген адамдарға және тиісті көрсетілімдері бар балаларға.
Дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефон
I және II топтағы адамдарға және балаларға.
Дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейер
I және II топтағы адамдарға және балаларға
САҒАТТАР
Нашар көретін адамдарға арналған сағат – сөйлейтін
Брайль қарпі бар сағат
Брайль қарпін меңгерген адамдарға және мектеп жасындағы балаларға
Нашар көретіндерге арналған сағат (артқы жарықпен, үлкен, оңай оқылатын сандар мен көрсеткілермен)
I және II топтағы адамдарға
Мектеп жасындағы балаларға
Маңызды: нақты техникалық құрал медициналық көрсетілімдерге, қарсы көрсетілімдерге және адамның жеке абилитациялау және оңалтудың бағдарламасына сәйкес беріледі.
Өз құқығыңызды біліңіз!