Ойыл ауданындағы МӘС.

Ойыл ауданындағы МӘС.

Ағымдағы жылдың 11-12 маусым күндері аралығында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті №2 Медико-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімінің мамандары Ойыл аудандық ауруханасы базасында мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыру бойынша көшпелі отырыс өткізді.

 Сонымен қатар,  Ойыл аудандық ауруханасының дәрігерлерімен медико-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары, техникалық оңалту құралдарын (ТОҚ) ұсыну тәртібі тақырыптарында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалып, жаңа Конституция жобасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы да ақпарат берілді.