Балалар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған «Жайна» жеке медициналық мекемесі

Балалар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған «Жайна» жеке медициналық мекемесі

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Г.С.Турсунбаев ағымдағы жылдың 12 мамырда мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін "Жайна" Арнайы, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық, мүгедек балаларға және мүгедектерге арналған медициналық жеке меншік мекемесіне барып, жұмысымен, қызмет алушыларға жасалған жағдайлармен танысты.
Сонымен қатар жұмыс барысында туындайтын проблемалық сұрақтары талқыланып, бірқатар ұсыныстар берілді.