Ақтөбеде 150 орындық оңалту орталығы бой көтеруде

Ақтөбеде 150 орындық оңалту орталығы бой көтеруде

2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылыс алаңына барып, нысанның жүзеге асырылу барысымен танысты.

Қазіргі уақытта орталық құрылысы белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жоба аясында заманауи талаптарға сай әлеуметтік және медициналық оңалту қызметтерін көрсетуге арналған барлық қажетті инфрақұрылым қарастырылған.

Орталықта емдік-профилактикалық кабинеттер, бассейн, физиотерапия бөлмелері, арт-терапия және релаксация аймақтары, тұзды шахта, кітапхана және өзге де арнайы қызмет көрсету бөлімдері жұмыс істейтін болады.

Аталған орталық мүгедектігі бар адамдардың денсаулығын жақсартуға, әлеуметтік бейімделуіне және өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік нысандардың бірі болмақ.