
Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, сонымен қатар ең төменгі жеткіліктік шегін айқындау әдістемесі жөнінде 2026 жылғы 28 сәуір күні Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Балманова Мәдина «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ филиалының Ақтөбе қалалық бөлімінің қызметкерлеріне арналған техникалық оқыту өткізді.
Кездесу барысында ең төменгі жеткіліктік шегін айқындау әдістемесі жөнінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау барысында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылып, Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру бағытындағы бақылаудың маңыздылығы атап өтілді.