
2026 жылғы 5 – 6 мамыр аралығында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі (МӘС), Байғанин ауданында кезекті көшпелі отырыс өткізді. Аудандық емхана базасында мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен семинар өткізілді. Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптамасының өзекті сұрақтары талқыланды, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатаң бақылау керектігі ескертілді.