Мүгедектік және оңалту мәселелері бойынша семинар

Мүгедектік және оңалту мәселелері бойынша семинар

2026 жылғы 8 мамыр Департаменттің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы С.Н. Карабекованың ұйымдастыруымен семинар өткізілді.

Семинарға №5 қалалық калалык емхананың, Шипагер-С ДКК дәрігерлері қатысты.

Іс-шара барысында мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыруды бетпе-бет және сырттай проактивті форматта жүргізу, сондай-ақ пациенттерді куәландыруға, оның ішінде 7 жасқа толған балаларды уақтылы жолдау мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу қағидалары мен техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі түсіндірілді.

Семинар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланып, жаңа Конституция жобасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы ақпарат жеткізілді.