Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Негізгі мақсат – оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру, оны адамның нақты қажеттіліктеріне бағдарлау.

Ағымдағы жылдың сәуір айында бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, мүгедектігі бар адамдарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатын техникалық оңалту құралдарының құнын өтеу ретінде берілетін кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды.

Бұрын кепілдендірілген соманы айқындау комиссиямен өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні туралы үш ақпарат көзі негізінде жүргізілетін – Әлеуметтік қызметтер порталының деректері, тауарларды мемлекеттік сатып алу деректері және әлеуетті жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстары.

Жаңа Әдістемеге сәйкес кепілдендірілген сома Әлеуметтік қызметтер порталының деректері мен электрондық дүкеннің деректерін ескере отырып есептелетін болады.

Осыған байланысты тауарлардың нарықтық құны бойынша электрондық сауда алаңдарының жиынтық деректерін алу үшін Әлеуметтік қызметтер порталын Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграциялау жүргізілуде.

Алдағы уақытта алынған цифрлық платформалардың нақты нарықтық деректері негізінде кепілдендірілген соманы қолмен араласусыз автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.

Күтілетін негізгі нәтижелер мыналар болады:

техникалық оңалту құралдарының құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыруды енгізу,

адами фактор мен субъективтілікті болдырмау,

әділ баға қалыптастыруды қамтамасыз ету;

бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.

Сонымен қатар, мұқтаж азаматтарды сапалы техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету үшін мемлекет негізсіз шығындарды жоятынын атап өткен жөн.

Босатылған қаражат жүйені дамытуға, оның ішінде қалпына келтірудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, технологиялық және қымбат оңалту құралдарын енгізуге бағытталады.

Қосымша хабарлаймыз, жаңа тәсілдер халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту жөніндегі ұлттық ғылыми орталық арқылы іске асырылуда – бұл әлеуметтік қорғау саласындағы заманауи шешімдер пысықталып, енгізілетін мамандандырылған алаң болып табылады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Ғылыми орталық арқылы техникалық оңалту құралдарын қайтару тетігінің пилоттық жобасы іске қосылады.

Бұл тетік тек қауіпсіз қайта пайдалануға болатын техникалық оңалту құралдарының түрлеріне ғана қолданылады және жеке пайдалануға арналған құралдарға (мысалы, жөргектер, протездер және т.б.) қатысты емес.

Аталған тетік, мысалы, жөндеу кезеңінде немесе уақытша қажеттілік туындаған кезде (мысалы, техникалық оңалту құралын жеткізуді күту барысында) ұзақ рәсімдерді күтпей-ақ адамды жедел түрде техникалық оңалту құралымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, техникалық оңалту құралдарының нақты жай-күйі мен адамның жеке қажеттіліктеріне негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-техникалық сараптама қызметі енгізілуде, яғни формалды мерзімдерге ғана сүйенбейді.

Бұл қабылданатын шешімдердің негізділігін арттырып, алушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Осылайша, техникалық оңалту құралдарын қайтару тетігін енгізудің күтілетін нәтижелері:

  1. техникалық оңалту құралдарының қолжетімділігін арттыру, күту мерзімдерін қысқарту;
  2. бюджет қаражатын неғұрлым тиімді пайдалану;
  3. ресурстарды ұтымды пайдалану;
  4. техникалық оңалту құралдарының пайдалану мерзімін ұзарту;
  5. техникалық оңалту құралдарының техникалық жай-күйі мен тиімділігін мониторингтеу жүйесін қалыптастыру;
  6. техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығы мен басқарылуын арттыру.

 

Өзгерістердің негізгі мәні – оңалтудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесінің ұтымдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету.