
2026 жылғы 24 сәуірде «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті» РММ-де «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шара аясында Департамент мамандарымен азаматтарға қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша түсініктемелер мен кеңестер берілді. Азаматтарды қабылдау барысында зейнетақы тағайындау, әлеуметтік жәрдемақыларды ресімдеу және оларды төлеу тәртібі тақырыптары көтерілді.