Шетелдегі зейнетақы төлемдері: маманның түсіндірмесі

Шетелдегі зейнетақы төлемдері: маманның түсіндірмесі

Тұрғындардың зейнетақы мәселелері бойынша сұрақтарына түсіндірме берілді

«Диапазон» газетінде Ақтөбе облысы бойынша әлеуметтік қорғау департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Балманова Мадинаның «Зейнеткер басқа елге көшкенде зейнетақы мөлшері азаюы мүмкін бе?» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

Мақалада маман оқырман сауалына жауап беріп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға көшкен жағдайда зейнетақымен қамсыздандыру тәртібін жан-жақты түсіндірді.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақы төлемдерін сақтау, тағайындау және олардың мөлшерінің өзгеру мүмкіндіктері туралы нақты түсіндірмелер берілді.