
2026 жылдың 21 сәурінде «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қамқорлық» менталды бұзушылықтары бар мүгедектіктері бар балаларға арналған қызметтер көрсету орталығы» КММ-не Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Сұлтанұлы Турсунбаев жұмыс барысымен барып, қызметалушыларға ұсынылатын қызмет түрлерімен танысты. Кездесу аясында департамент басшысы орталықтың негізгі бағыттарымен қоса қызмет алушыларға қолдау көрсетудің кешенді процестерімен танысты. Орталық мамандардың жұмысы мен көрсетілетін көмектің сапасына оң баға берілді.
Орталықта 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауқулары бар мүгедектіктері бар балаларға арналған арнаулы жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет көрсетеді. Орталық Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген, жартылай стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің стандартына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 230 бұйрығына 1-қосымша болып табылатын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызмет қағидаларына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.. Кездесу нәтижесінде көрсетілген қызметтерге мұқтаж жандарды қамту аясын кеңейту мақсатында осындай тағы бір орталық қажеттілігі мен оның маңыздылығы талқыланды.