
Департамент басшысының орынбасары Бекзат Ерғалиұлы Әшімов 2026 жылғы 15-17 сәуір аралығында Мұғалжар ауданына іссапармен барды.
Іссапар барысында аудандық орталық аурухана дәрігерлерімен және дәрігерлік-консультациялық комиссия өкілінің қатысуымен мүгедектігі бар адамдарды сырттай-проактивті куәландыру жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында сырттай-проактивті куәландыру тетігін тиімді жүзеге асыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.