Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жұмысы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Қызметтердің цифрландырылуы және қолжетімділігі
Негізгі жетістіктеріміздің бірі - зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау процесстерің толық цифрландыру. Бүгінгі күні аталған қызметтер электронды форматта жүзеге асырылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерің барынша азайтуға мүмкіндік береді.
2026 жылдың І тоқсанында 15 684 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
• 2 154 – жасына байланысты зейнетақы тағайындау
• 2 323 – базалық зейнетақылық төлемдер
• 11 207 – түрлі жәрдемақылар
Барлық қызметтер уақтылы және толыққанды көрсетілді.
Әлеуметтік қолдау
Облысымызда 01.04.2026 ж. 328 378 адам зейнетақы мен әлеуметтік төлем алады.
Жыл басынан зейнетақылар 10%-ға артты, төлемдер қайта есептелді
Барлық төлемдер уақытылы жүргізілуде.
Бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу
Мемлекеттік бақылау аясында негізгі назар құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Есепті кезеңде 4 профилактикалық тексеру жүргізіліп, 40 бұзушылық анықталды. Негізгі бұзушылықтар оңалту бағдарламаларының орындалмауымен байланысты.
Тексеру қорытындылары бойынша:
• орындалуға міндетті нұсқамалар берілді
• бұзушылықтарды жою бақылауға алынды
• прокуратура материалдары негізінде, тексеруге қолжетімділікті қамтамасыз етпеу үшін, әкімшілік шаралар қолданылды
Профилактикалық бақылаудың жазалауға емес, құқық бұзушылықтың алдын алуға және жергілікті атқарушы органдардың әзірленген абилитация және оңалту жеке бағдарламаларын іске асыру үшін жауапкершіліктерін арттыруға бағытталғаның атап өту өте маңызды.
Медициналық-әлеуметтік сараптама
2026 жылдың бірінші тоқсанында 2 841 адам куәландырылудан өтті, олардың 675 адам алғаш рет мүгедектігі бар тұлға деп танылды.
Бұл саладағы сырттай проактивті күәландыру форматы дамып келеді. Өткен тоқсанда қызметтердің 45,3%-ы сырттай форматта көрсетіледі.
Бұл:
• азаматтардың жеке қатысуын қажет етпейді
• қызмет көрсету мерзімін қысқартады
• шалғай жерде тұратын және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділікті арттырады
• сыбайлас жемқорлық тәуекелдерің едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
Мүгедектіктің негізгі себептері
Ересектер арасында:
• қатерлі ісіктер
• қан айналым жүйесінің аурулары
• жарақаттар
Балалар арасында:
• психикалық аурулар
• туа біткен ақаулар
• жүйке жүйесі аурулары
Азаматтардан түскен өтініштермен атқарылған жұмыс
2026 жылдың бірінші тоқсаныда 65 шағым қаралып, нәтижесінде шешімдердің 37%-ы қайта қаралды.
Департаменттің есепті кезеңдегі нәтижелері халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тұрақтылығын, мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуын және олардың халық үшін қолжетімділігінің артқанын көрсетті.
Сонымен қатар, алдағы кезеңде профилактикалық жұмысты одан әрі күшейту, әлеуметтік қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру қажеттілігі сақталады.
Алдағы кезеңде төмендегі негізгі басымдықтарды назарға алып жұмыс жасайтын боламыз:
• проактивті форматта көрсетілетін қызметтерді дамыту
• медициналық-әлеуметтік сараптама сапасын арттыру
• әлеуметтік төлемдердің негізділігі
• халықты әлеуметтік қорғау және арнайы әлеуметтік қызметтер саласында бақылауды күшейту және заңбұзушылықтарды алдын алу
Негізгі мақсатымыз – уақтылы қолдауды ғана емес, сонымен қатар азаматтардың өмір сүру сапасын нақты жақсартуды қамтамасыз ететін тиімді, ашық және адамдарға бағытталған әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру.
Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі әрі нәтижелі түрде жалғасатын болады.
Ғ. Тұрсынбаев
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы