Темір ауданына жұмыс сапары: әлеуметтік қорғау және оңалту мәселелері

Темір ауданына жұмыс сапары: әлеуметтік қорғау және оңалту мәселелері

2026 жылғы 14 сәуірде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Г.С. Турсунбаев Темір ауданына жұмыс сапарымен барып, Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің негізгі бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Кездесу барысында Темір ауданы әкімінің орынбасары М.Ж. Орынбасармен бірқатар мәселелер талқыланып, оның ішінде Темір ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және жеке оңалту бағдарламаларының орындалу көрсеткіштері пысықталды.

Сонымен қатар, департамент басшысы Темір ауданында салынып жатқан «Айнала» оңалту орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.