Хромтаудағы №2 МӘС бөлімінің жұмысы: азаматтарды куәландыру және дәрігерлерге арналған оқыту семинары

Хромтаудағы №2 МӘС бөлімінің жұмысы: азаматтарды куәландыру және дәрігерлерге арналған оқыту семинары

Ағымдағы жылдың 9-10 cәуір күндері аралығында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті №2 Медико-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімінің мамандары Хромтау аудандық ауруханасы базасында мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыру бойынша көшпелі отырыс өткізді.

Сонымен қатар, Хромтау аудандық ауруханасының дәрігерлерімен медико-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары, техникалық оңалту құралдарын (ТОҚ) ұсыну тәртібі тақырыптарында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалып, жаңа Конституция жобасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы да ақпарат берілд