Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықтың болашағы талқыланды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықтың болашағы талқыланды

2026 жылдың 8 сәурінде «Ақтөбе қаласының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталығы» КММ-не Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев арнайы жұмыс барысымен барды. Кездесу аясында департамент басшысы орталықтың негізгі бағыттарымен және қызмет алушыларға қолдау көрсетудің кешенді процестерімен егжей-тегжейлі танысты. Мекеменің тыныс-тіршілігін аралап көру барысында мамандардың жұмыс істеу тәртібі мен көрсетілетін көмектің сапасына оң баға берілді.
​Мекеме басшысы Райса Уразбековна Байлиева бүгінгі таңда орталықтың 50 орынға лайықталғанын және өз деңгейінде қызмет атқарып тұрғанын жеткізді. Кездесу аясында мекеменің инфрақұрылымын нығайтуға қатысты түйткілді мәселелер мен алдағы стратегиялық жоспарлар ортаға салынды. Атап айтқанда, көмекке мұқтаж жандарды қамту аясын кеңейту мақсатында болашақта бұдан да ауқымды жаңа ғимарат салу қажеттілігі мен оның маңыздылығы талқыланды. Бұл бастама әлеуметтік қорғау саласындағы қызмет сапасын жаңа белеске көтеріп, мекеме әлеуетін арттыруға жол ашады.