
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Г.С.Турсунбаев 7 сәуір күні "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің үй жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсететін "Әлеуметтік жәрдем орталығы " КММ барып негізгі жұмысымен танысты.
Орталықтың басшысы А.Кенжебаева жұмыс барысында туындайтын проблемалық сұрақтары баяндап, шешу жолдары талқыланды.