
2026 жылдың 2 сәуірінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Турсунбаев Галым Султанович №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен арнайы танысты.
Департамент басшысы мекеме қызметін жан-жақты зерделеп, қызмет алушыларға жасалған жағдайлармен, орталықтың материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейімен және көрсетілетін қызметтердің сапасымен тікелей танысты.
Кездесу аясында мекеме қызметкерлерімен мазмұнды сұхбат жүргізіліп, халыққа әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.