Бақ-та халыкты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің арналған жұмысы туралы ақпарат

Бақ-та  халыкты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің арналған жұмысы туралы ақпарат

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі ағымдағы жылғы 7 қазан мен 9 қазан аралығында Ойыл ауданының мемлекеттік мекемелеріне қолжетімділік тұрғысынан профилактикалық бақылауды жүзеге асырды.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы оларды жою мерзімдері көрсетілген нұсқамалар берілді. Сонымен қатар, мекеме басшыларына мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ короновирустық инфекцияның таралуынан қорғауға бағытталған шараларды сақтау қажеттілігі туралы заң нормалары түсіндірілді.

Осыған байланысты, 2020 жылдың 27 қазанында аудандық "Ойыл" газетінде "«Қолжетімді орта болуы үшін»"атты мақала жарияланды.