Хромтау ауданында көрсетілетін мемлекеттік қызмет

Хромтау ауданында көрсетілетін мемлекеттік қызмет

Облыста карантиндік режимі әлсірелгеніне байланысты аудандарда көшпелі отырыстары қайта жалғастырылды.

2020 жылы қарашаның 05 мен 06 аралығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Хромтау  ауданында жоспарлы көшпелі отырыс өткізді. Отырыс кезінде  орталық аурухананың базасында 26 тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

        05.11.2020ж. күні №5 МӘС бөлімі мамандары ауданының ауруханасында дәрігерлердің қатысуымен семинар өткізді.

         2020 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша аудандағы алғашқы мүгедектікке шығу және мүгедектерді оңалту көрсеткіштері талқыланды.

         Алдағы уақытта мемлекеттік қызметі электрондық форматта көрсетуге жоспарланған, соған сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау қорытындысы сапалы толтыруға тиіс, яғни бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды науқастың нақты объективтік қараудың деректері, зерртеудің қорытындылары және қажетті дәрігерлердің қараудың қорытындылары көрсетуге қажет. Сонымен қатар қажетті түрде оңалту іс-шаралары өткізу жоспары да айтарлықтай толтырылады, клиникалық диагнозде негізгі және ілеспелі ауруның барлық асқынулары көрсетіледі.

         Алғашқы мүгедектікті алдын алу өзекті мәселе болып есептеледі – бұл, жалпы диспансерлік қараудың кеңейту, ұзақ және жиі ауыратын науқастардың диспансерлік қарау, науқастардың оңалту іс-шараларын уақытылы өткізу.