
2026 жылғы 26 наурызда Департамент басшысы Ғалым Сұлтанович Тұрсынбаев медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне кадрларды тарту мәселелері тақырыбында Zoom платформасы арқылы жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне білікті мамандарды тартудың өзекті мәселелері қарастырылып, қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік және ұйымдастырушылық тетіктер талқыланды.
Атап айтқанда:
• мемлекеттік қызметші мәртебесі;
• нормаланған жұмыс кестесі;
• тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері кеңінен сөз болды.
Кездесу қорытындысы бойынша кадрлық әлеуетті нығайту және медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің тиімділігін арттыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігі атап өтілді.