Сырттай проактивті куәландыру: әлеуметтік қорғаудың жаңа стандарты

Сырттай проактивті куәландыру: әлеуметтік қорғаудың жаңа стандарты

Қазақстан Республикасында халыққа әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігі мен әділдігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қызметтердің проактивті моделі кезең-кезеңімен енгізілуде.

Осы бағыттағы негізгі бастамалардың бірі – мүгедектікті белгілеу кезінде сырттай-проактивті куәландыруды енгізу.

Сырттай проактивті куәландыру – бұл азаматтың жеке қатысуынсыз, денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық жүйелерінен келіп түсетін медициналық деректер негізінде жүргізілетін медициналық-әлеуметтік сараптама форматы.

Еуропа елдерінде әлеуметтік салада цифрлық шешімдер кеңінен қолданылуда, оның ішінде денсаулық жағдайын қашықтан бағалау форматтары бар. Бұл бюрократиялық рәсімдерді азайтып, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сырттай проактивті куәландыру:

  • әкімшілік жүктемені төмендету;
  • шешімдердің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету;
  • халықтың осал топтары үшін қолжетімділікті арттыру;
  • қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту;
  • бетпе-бет жүгінулер санының қысқарту;
  • өтініштерді қарау мерзімдерінің азайту;
  • азаматтардың қанағаттану деңгейінің арттыру;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендету -

сияқты оң нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін кезең-кезеңімен цифрландыруды жүзеге асыруда.

Сонымен қатар медициналық ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізіліп, қызмет көрсетудің проактивті форматына көшу қамтамасыз етілуде.

Сырттай проактивті куәландыруға жататын аурулардың нозологиялық тізбесі медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен реттеледі.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша куәландырулардың 45%-дан астамы сырттай проактивті форматта өткізілуде.

Сырттай-проактивті куәландыру – әлеуметтік қорғаудың заманауи, қолжетімді және әділ жүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам.

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департамент басшысы

Ғ.С. Турсунбаев